• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • СЕМИНАР ӨТТІ

СЕМИНАР ӨТТІ


Ағымдағы жылдың 12 қараша күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ аппарат қызметкерлері облыстан шалғай жатқан Қызылқоға ауданында іс-сапармен болды. Аудан орталығындағы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектепте білім беру мекемелері бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілерімен және техникалық инспекторлармен ұйымдастырылған семинарда олардың құқықтық, оның ішінде ҚР Еңбек заңнамасының негіздері бойынша сауаттылығын арттыру, еңбек дауларында келіссөздер жүргізе алуды дамыту жөнінде түсіндіру мәселелері сөз болды.


Мәжілісті кіріспе сөзбен ашқан облыстық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Қ.Сүндетұлы семинар оқудың мақсаты мен мәніне тоқтала отырып, Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі барша қазақстандықтарға арнаған Жолдауынан және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының XIV съезі шешімдерін жүзеге асырудағы міндеттерге тоқталды. Семинарда облыстық ұйымының заңгері Ю.А. Айбосынова «Кәсіподақ туралы заңнама. Келісу комиссияларының қызметін ұйымдастыру туралы», бас маман З.Қ. Бекмұхамбетова «Кәсіподақ ұйымында іс жүргізудің әдістемелік ұсынымдары. Кәсіподақ мүшелерін есепке алу және кәсіподақ құжаттарын рәсімдеу тәртібі», есепші А.Ш. Тюяқпаева «Облыстық кәсіподақ ұйымдарында қаржы жұмысы жөніндегі әдістемелік ұсыныстар» және референт А.Ғұмарова «Білім беру және кәсіподақ ұйымдарында іс жүргізу тәртібі» туралы баяндамаларды слайдтармен түсіндірді.


Тыңдаушылар тарапынан болған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлерге шаралар жасақталатыны хабарланды. Бас қосу соңында Қызылқоға аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.О. Бағдаров, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ аудандық филиалының төрайымы А.Ф. Кәрім сөз сөйлеп шараны ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді.


Семинар соңында білім беру саласында ұзақ жылдардан абыроймен еңбек етіп келе жатқан бір топ ұстаздарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының марапаттары тапсырылды.


Сандуғаш ҚАПСИХОВА, «Ұстаздық еңбек»
Жарияланған күні: Қар. 13, 2019
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты