• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • 2020 ЖЫЛ – КӘСІПОДА…

2020 ЖЫЛ – КӘСІПОДАҚ ОҚУЛАРЫНЫҢ ЖЫЛЫ


Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының ІІ Пленумы өтті. Кәсіподақ үйінің Мәжіліс залында өткен шараға Пленум мүшелері мен арнайы шақырылған қонақтар, Филиал төрағалары мен жұмыс берушілер өкілдері қатысты. Алқалы жиын барысында жергілікті кәсіподақтың ағымдағы қызметі және 2019-2024 ж.ж. арналған Бағдарламасын жүзеге асыру міндеттері туралы мәселе қаралып, талқыланды.


Жиындағы негізгі баяндаманы Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков жасады. Ол Білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 ж.ж. арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша сала өкілдерінің өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу, кәсіподақ ұйымдарының кадрлық, қаржылық және ұйымдық нығаюына, жастар саясатын жүзеге асыруға, ақпараттық жұмыс пен кәсіподақ кадрларын оқытуды жетілдіруге бағытталған жұмыстарға тоқталды. Соның бір дәлелі ретінде құқықтық қызметтің жыл басынан бергі көрсеткіштерін мысал етті.


- 2019 жылғы қаңтар-қазан айларында еңбек заңдылығының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізу барысында 407 мекемелер мен ұйымдардың жұмысы зерделеніп, оның барысында 1344 заң бұзушылық анықталған. Заңнаманы түсіндіру, кеңес беру, өкілеттік ету, құқықтық жауаптар әзірлеу сынды бағыттарды қамтитын жалпы көрсетілген құқықтық қызметтің саны - 5665 құрады. Инспекция мамандарымен сотқа жүгіну үшін 36 материал әзірленіп, кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау жөнінде 32 талап арыз жолданды, әр сатыдағы соттарда 61 қызметкерге өкілдік етіліп, тиісті шаралар қолдану үшін әртүрлі мемлекеттік органдарға 23 материал жолданды. Саланың 11 қызметкерінің жұмыстан босау қаупіне тосқауыл қойылды. Барлық нысандағы кәсіподақтық құқық қорғаудың экономикалық тиімділік көрсеткіші аталған 9 айда 136 млн.теңгені құрап отыр, - деді Ерұлан Сәбенұлы.


Негізгі баяндаманы талқылау барысында бірнеше азамат жарыссөзге шығып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Олар Тараз қалалық филиалының төрайымы Ирина Костина, Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия директоры Мұхит Нәметқұлов, Кәсіподақтың Сарысу ауданы бойынша аймақтық құқықтық еңбек инспекторы Мәулен Абдиров, Талас ауданы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Нұрила Жақсылықова мен Т.Рысқұлов ауданы Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Дулат Құдыс.


Негізгі баяндама мен жарыссөз барысында айтылған ұсыныстарды қорыта келе Пленум алдағы 2020 жылды – «Кәсіподақ оқуларының жылы» деп жариялады. Сонымен бірге алқалы жиын мүшелері облыстық ұйымды алдағы жылы қабылданатын «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заңды түсіндіру, Еңбек кодексін, кәсіподақтар туралы заң талаптарын ұтымды жүзеге асыру, зерделенген жұмысты жетілдіріп, білім жүйесіндегі проблемаларды нәтижелі шешуге мүмкіндік беретін жаңа әрі тың жұмыс нысандарын іздеу, одақ мүшелерін әлеуметтік қолдау мен құқықтық қорғау сынды шараларды жүзеге асыруға міндеттеді. Пленум өз құзырына берілген ұйымның 2020 жылға арналған кіріс-шығыс сметасын бекітті.


Шара соңында Қаулы қабылданып, бірқатар кәсіподақ белсенділерін марапаттау рәсімі өтті.


Бейбіт БЕКНАЗАРОВ
Жарияланған күні: Қар. 11, 2019
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты