Павлодар қаласы білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасындағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексін білуге арналған брейн-ринг
Бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Павлодар қаласы білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ ұйымы «Бастауыш ұйымдардың құқық қорғау қызметін жаңғырту» және «Педагогикалық ұжымдарда TEAMBUILDING» жобаларын іске асыруда. Жобаларды іске асыру кезеңінде кәсіподақ семинарларында 2 мыңнан астам білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, келісу комиссияларының мүшелері, техникалық инспекторлар, мектеп психологтары, бухгалтерлері, кадр қызметінің қызметкерлері оқытылды. Осы жобалар аясында білім беру қызметкерлері кәсіподағының қалалық комитеті білім беру бөлімінің қолдауымен білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының арасында еңбек заңнамасы мен құқық мәселелері бойынша қалалық конкурс өткізді. Брейн-ринг кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғаудың үздік тәжірибесін насихаттау және тарату, ұжымның корпоративтік рухын дамыту арқылы педагогтардың беделін арттыру, еңбек заңнамасының білімін нығайту мақсатында өткізілді.
Брейн-рингке қаланың бастауыш кәсіподақ ұйымдары қатысты. Бірінші сырттай іріктеу турының Ережесіне сәйкес бастауыш ұйымдардың ұжымдары өздерінің құқық қорғау қызметінің тұсаукесерін ұсынды. Екінші турға 6 оқушы қатысты. Командалар конкурстың екінші кезеңінің төрт турына қатысу қажет болатын 12 қатысушыны ұсынды: сәлемдесу, еңбек заңнамасын білуге арналған тесттерді орындау, жұмыс беруші мен кәсіподақ мүшесі арасындағы даулы жағдайларды талқылау, Еңбек Кодексінің баптарын қолдана отырып, отырыс өткізу және өндірістік кеңестің хаттамасын ұсыну, сондай-ақ жағдайды ерекше ұсыну қажет болды.
Конкурс қорытындысы бойынша 1 орынды №40 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының командасы (кәсіподақ комитетінің төрайымы Мутай Айнагүл, мектеп директоры Задубняк Любовь Владимировна); 2 орын - №20 лицей-мектебінің бастауыш ұйымдарының командалары (кәсіподақ комитетінің төрайымы Нурушова Динара Жолдыбайқызы, директор Топанова Гүлнара Тұяққызы) және №29 балабақшаның (кәсіподақ комитетінің төрағасы Демченко Светлана Сергеевна, жетекшісі Рысай Ольга Алексеевна) иеленді. №1,19,35 жалпы орта білім беру мектептерінің командалары 3 орынға ие болды.
Қатысушыларға қалалық кәсіподақ комитетінің грамоталары мен ақшалай сыйлық табыс етілді.
Қазылар алқасы құрамында білім беру бөлімінің мамандары, әдіскерлері, қалалық кәсіподақ комитетінің бюро мүшелері жұмыс істеді.
Д. Ж. Ержанова, білім қызметкерлері кәсіподағының қалалық комитетінің маманы
-
Фото
-