Көктемдегі демалыс
Күзгі каникул кезінде облыстың 50 ұстазы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы есебінен Алматы қаласындағы «Көктем» шипажайына жолдама алған болатын.
Шипажайда барлық жағдайлар қарастырылған: екі адамдық бөлме, теледидар, тоңазытқыш т.б. жағдайлар жасалған. Төрт рет тамақтану, оттегі коктейлі, минералды сулар, массаж, магнит терапиясы, тұзды ванна және басқа да ем-дом шаралары сапалы түрде жасалды. Табиғаты тамаша, қызметкерлері өте мейірімді. Сонымен қатар Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе және Алматы қаласының өзге де көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды. Білім кәсіподағы өркендей берсін!
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ