• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Жалпы демалу

Жалпы демалу


Жалпы демалу, тынығу денсаулыққа өте пайдалы екені айтпаса да түсінікті емес пе?! Алай­да табиғаттың ең қымбат сыйы осы денсаулықтың қадірі күнделікті күйбең тіршіліктің тасасында қалып қойып жатқаны жасырын емес. Денсаулықты сақтау үшін ең алдымен дұрыс тамақтану және спортпен шұғылдану қажет десек, сондай-ақ әр адам өзіне жақсы демалыс ұйымдастыра білуі қажет.


Елімізде шетелдік демалыс орындарымен пара-пар келетін орталықтар баршылық. Соның бірі - жанға жайлы, шипасы мол- «Зәру» шипа­жайы. Шипажай демалыс орны болумен қатар, үздік емдеу орта­лығы ретінде де танылған. Бұл шипа­жай көп адамның денсаулығын жақсартып, дертіне дауа іздеген­дерге қуаныш сыйлаған орталық.


– Бұл шипажайға бірінші рет келуім."Зәру" емдеу шипажайына облыстан 25 бастауыш ұйым көшбасшылары келіп демалдық.Шипажайға келіп ем алып, бұл жердің қызметіне тәнті болдым. «Зәру» шипажайының заманауи медициналық құрылғылары кез-келген емделушінің көңілінен шығары анық Әсіресе, қызметкерлердің жылы шырайлы жүздері әрбір адамның дертіне дауа болары даусыз. Заман талабына сай фито­бочкада емдеу, пантогемотогенді қабылдау, панты булау, фитотерапия, аяққа пантыбұлаулары жақсыжолға қойылған. Екі қабатты ғимаратпен қоса, ауласында арнайы бөлімшелері бар «Зәру» шипажайына келушілерге барлық жағдай жасал­ған. Шипажай бөлмелері кең, жарық, әрі мұнтаздай таза. Ауласы жасыл желекпен көмкерілген емдеу орталығының таза ауасы адам жанына жайлылық сыйлай­ды. Оған қоса емдеу орталығының қызметшілері де үлкенге құрметін, кішіге ізетін көрсетіп, жарқын жүзбен шипажайға келушілерді қарсы алуда.Біздер демалушылар табиғат сұлулығынан ләззат алып қана қоймай, сонымен бірге сауықтыру процедураларын қабылдадық.Біздер шипажайда демала отырып, оның өзінің шаруа қожалығының күмәнсіз экологиялық өнімімен ауқаттандық. Тамақтану мөлшеріне үй қаймағы, сүзбе, жұмыртқа, үй қоянының, үй құсы мен маралдың еті кірді. Панты бұлауы қазірде тек кесу кезінде ғана қол жетімді емес, марал пантысын жыл бойы қабылдауға болады.Адам денсаулығының жақсаруына бірден-бір әсер ететін емдеу тәсілінің бірі ол - массаж. Бүгінде «Зәру» шипа­жайын­да массаждың жаңа түрлері және нүк­телер массаждары жасалынып келеді. Шипажайдың қызметіне 100 пайыз көңіліміз толды. Алдағы уа­қыт­та еңбек демалысымды тек «Зәру» шипажайынан ем алатын боламын,- деп шипажай қызметіне өз ризашылығымды жет­кіздім.


"Жақсы сөз - жарым ырыс" деген. Шипажай қызметкерлерінің жақсы көзқарастары, жылы сөздері де адамға әсер етеді екен. Сондықтан осы игі шараны ұйымдастырған облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына алғысымыз шексіз!


«Зәру» пантымен емдеу шипажайы 2018 жылдың маусымында марал өсіру шаруашылығы базасында ашылған. Емдеу шипажайы Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында, Қазан ауылында орналасқан. Шипажай 3,5 гектар жерді алып жатыр. Емдеу орнының өзі 1,5 гектар жердегі аумақта орналасқан, онда емдеу және тұрғын кешені, демалу аймағы (қысқы бақ) және жаттығу залы бар. 150 Маралдар Шығыс Қазақстан облысынан, біздің денсаулығымызды пант арқылы жақсарта алу үшін әкелінген. Жануарлар 700 гектардан асатын жерде еркін жүре алады. Санаторий төмендегідей емханалық қызмет көрсетеді:
- психикалық және физикалық шаршаудың алдын алу және емдеу үшін;
- ауыр еңбек пен спорттық жүктемелер кезінде дененің компенсаторлық қабілетін арттыру;
- хирургиялық операциялардан кейінгі қалпына келтіруді жеделдету және кейінге қалдырылған жұқпалы және созылмалы созылмалы аурулар;
- астениялық жағдайларда созылмалы шаршау кезінде жүйке жүйесінің тұрақтылығын арттыру;
- невроз, авитаминоз, түрлі шығу тегі энцефалопатиясы, климаттық және тамырлы бұзылулар;
- иммундық жүйенің реттеуі мен корреляция жасау;
- анемия кезінде қанның ұлғаюы;
- қант диабетінің дамуын жеңілдетеді;
- ерлердің жыныстық потенциалын арттыру.


Әр адам үшін денсаулық маңызды. Оны қалыпты жағдайда ұстау үшін осындай шипажайлардың атқарар қызметі мол. Сондықтан «Зәру» шипажайының басшысы, кәсіпкер Бану Тілегенқызына ризашылығымызды білдіреміз.


Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы«Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы»
МКҚК бастауыш кәсіподақұйымының төрайымы Күлжанова

Жарияланған күні: Қар. 5, 2019
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты