• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «Кәсіподақ мерекесі…

«Кәсіподақ мерекесі – Еңбектің мерекесі!»


Ағымдығы жылдың 17 қазан күні Ақтау қаласындағы«Азияда» мейрамханасында, Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен Кәсіподақ көшбасшыларының қатысуымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары күні мерекесіне арналған «Кәсіподақ мерекесі – Еңбектің мерекесі» тақырыбында салтанатты марапаттау шарасын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігі» ұйымдастырып өткізді.
Фойеде көңілді әуендер ойналып тұрды. Ресми қонақтар мен шақырылған ұстаздар, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, филиалдар мен облысытық білім беру мекемелерінің, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, құрметпен шақырылған қонақтар орындарына орналасқаннан кейінжүргізушілер ортаға шығып, салтанатты кешті бастап та кетті.
Алғашқы Құттықтау сөзді «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің» төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбекқызына берілді.
Тарбия Анайбековна, таяу күндері өткен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ХІV Съезі туралы толық мәліметтерді съезд күндерінен дайындалған слайдтарды көрсете отырып баяндап берді.
Қиын да қызғылықты ұстаздық қызметтің жетістіктерін, үздік үлгілерін насихаттап Қазақстанымыздың парасатты, білімді, іскер де ұлт жанды жас азаматтарын тәрбиелеудегі ортақ міндеттерді жүзеге асыруда «Кәсіподақ - әрқашан сіздермен бірге!» - дей келе одан әрі, Төрайым, Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ізбасарларына ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагер ұстаздарымыздың орны ерекше екенін атап өтті.
Білім саласында оның біраз жылын Маңғыстау облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы қызметінде болған ардагеріміз - Пяташ Галина Валентиновнаны, Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық қызметі бойынша бас маман Храмова Наталья Станиславовнаны мараппатады.
Бір топ кәсіподақ ұйымы жұмыстарына белсене қатысып жүрген көшбасшы төрағаларға - «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Кәсіподақ қозғалысының жұмысын жандандырып, мүшелігін арттыруға ынталандыру мақсатында 3-жылдан жоғары кәсіподақ ұйымында қызмет жасап келе жатырған көшбасшыларға, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасы» табысталды.
Кеш соңы мерекелік шағын концерттік бағдарламамен ұласты.
Облыстық білім беру мекемелерінен әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, белсенді кәсіподақ ұйымының жастары, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерінқорғаудағы белсенді қызметтеріне сәттілік, шығармашылық табыстар тілеп тарқасты!


«Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
Жарияланған күні: Қаз. 18, 2019
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты