• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КҮШТІ БАСТАУЫШ ҰЙЫМ…

КҮШТІ БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – ҚУАТТЫ КӘСІПОДАҚ!


Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен 10 қазан – кәсіподақтар күні мерекесі мен ұстаздар күніне орай «Күшті бастауыш ұйым – қуатты кәсіподақ!» атты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті. Форум жұмысына ұстаздар-бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, сала ардагерлері мен кәсіподақ белсенділері, жергілікті билік өкілдері, ЖОО-ның ректорлары қатысты.
Форумның ашылу салтанатында сөз алған Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков мерекенің маңыздылығына тоқталып, негізгі кәсіподақтық жұмыс Кәсіподақ Федерациясының немесе облыстық кәсіподақ бірлестіктерінің кабинеттерінде емес, кәсіподақтық күрестің алғашқы шебінде – тікелей еңбек ұжымдарында жүргізілуі тиіс екендігін айтты.
- Кәсіподақтың негізгі тыныс-тіршілігінің ең алдыңғы шебі еңбек ұжымдарында, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында екендігі баршаға мәлім. Кез келген кәсіптік одақтың күш-қуаты оның бастауыш ұйымдарының қандай болуына, олардың әрбір еңбекшінің құқықтары мен мүдделерін тиімді де белсенді түрде қорғалуын қамтамасыз етуіне тікелей байланысты. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен беделін, олардың қызмет тиімділігін арттыру мәселелері ерекше маңызды екені күн тәртібінен түспеуі тиіс, - деді Кәсіподақ төрағасы.
«Кәсіптік одақтар бүгінде еңбек адамы-кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек жағдайындағы озбырлыққа жол бермеу, өз мүшелерін әлеуметтік қорғау, әділетті де лайықты жалақы төлеу, оңтайлы еңбек жағдайын жасау арқылы экономикасы нық, даму бағыты айқын азаматтық қоғамды құруда. Осы орайда, егеменді еліміздің көркеюі мен қарқынды дамуы өз қызметін абыроймен атқарып жүрген Сіздер сияқты әріптестердің іргелі істері мен оңтайлы шешімдеріне байланысты» деп залдағы барша ұстаздарға-бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына жылы лебізін арнаған кәсіподақ көшбасшысы бірқатар сала қызметкерлерін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Шара барысында Кәсіподақтар күні мен Ұстаздар күні кәсіби мерекелерімен ұстаздар қауымын облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мейрамбек Төлепберген, облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төраға орынбасары Шәбден Тілеумұрат, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Гүлшат Медетбекова мен аймақтағы ЖОО-ның ректорлары құттықтап, білім мекемелеріндегі бірлескен жемісті еңбектің нәтижесіз емес екендігін айтты.
Олар облыстың білім беру мекемелерінің барлығында бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылып, онда ұжымдық шарттар мен әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер қабылданғандығын, бұл құжаттарға сәйкес еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғаумен қатар, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелерін сауықтыру, әлеуметтік-мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу, жұмыс орындарындағы еңбек заңдылығының сақталуын қадағалау, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды шаралар атқарылып жатқандығын сөз етіп, ұстаздарға еңбектері үшін лайықты марапаттарын тапсырды.
Форум қатысушы ұстаздар-бастауыш ұйым төрағалары Кәсіподақтар орталығы мен облыстық мәслихаттың, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, «Нұр отан» партиясы мен білім саласындағы бақылау комитетінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының Алғыс хаттарымен марапатталды. Ал ЖОО-ның ректорлары болса педагогтық мамандықты қалаған кешегі өзінің студенттері, бүгінде облыстың білім мекемелерінде бала оқытып, шәкірт тәрбиелеп жүрген ұлағатты ұстаздарды марапаттады.
Форум барысында бірқатар жас мамандарды салтанатты түрде кәсіподақ мүшелігіне қабылдау шарасы өтті. Шәкірт бойына қуат, жанына жаныған жігер беруден еш аянбаған ардагерлеріміздің қайраткерлігі жас буын үшін үлгі болатындығын ескере отырып жас мамандарды кәсіподақ қатарына қабылдау шарасын сала ардагері Гүлсін Орынбаева өткізді. Алғашқы рет «кәсіподақ билетін» алған жастарға ғибратқа толы ақыл-кеңесін айтып, еңбек жолында сәттіліктер тілеп, еліміздің өркендеуі мен дамуы жолында белсенді жұмыс жасауға шақырып, сыйлықтар табыс етті.
Шара барысында форум қатысушылары Қарар қабылдап, онда Жамбыл облысының жергілікті кәсіподағының барлық органдары үшін одақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау, еңбек заңдылығының сақталуына қоғамдық бақылауды күшейту, еңбек құқық нормалары бұзылған жағдайда жұмыс берушілерге заңды ұсыныстар мен талаптар қою, сала өкілдерінің құқықтары мен мүдделерінің өрескел бұзылуының бірде-бір жағдайын ескерусіз қалдырмау қажеттігін қызметтің басым бағыттары ретінде белгілеген.

Бейбіт БЕКНАЗАРОВ

Жарияланған күні: Қаз. 3, 2019
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты