Еңбек қауіпсіздігі мен заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында
Еңбек қауіпсіздігі мен заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында, "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кəсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы" ҚБ бас маманы А.Алимпиев, маманы Н.Жетпісбай Ақтөбе облысы "Əйтеке би көпсалалы колледжі" МКҚК-де коғамдық бақылау жүргізді. Кəсіподақ қызметкерлері қоғамдық бақылаумен қатар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша колледж қызметкерлерімен семинар өткізді, өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша кеңестер берді. Колледждің директоры А.Қанымбаев, кәсіподақ төрағасы С.Кенесбаев және кадр бөлімі меңгерушісі жүргізіліп отырған жұмыстарымен таныстырып, тəжірибелік жəне əдістемелік көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ