БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
Ақжайық ауданында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын бойынша аудандық кәсіподақ комитетімен ағымдағы жылдың шілде – қыркүйек аралығында бекітілген арнайы жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету. Биылғы жылы дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы «Жүректен жүрекке!» ұранымен өткізілді.
Акцияға Ақжайық ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары белсенді қатысып, атсалысты.
Қазіргі таңда 43 мектептің 1008 әлеуметтік қорғалмаған отбасының балаларына 4564 805,0 теңге көлемінде көмек көрсетіліп (оқу құралдары, киім-кешек), бұл жұмыстар әлі де жалғасын табуда.
Ал, 2018 жылы әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасының 1356 балаларына 5761580,0 (бес миллион жеті жүз алпыс бір мың бес жүз сексен) теңге көлемінде көмек көрсетілсе, 2017 жылы – 1583 балаға 6590316,0 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Акция бойынша жұмыстар жалғасуда.
Жалпы алғанда Ақжайық ауданы бойынша 1-11 сынып аралығында 1820 әлеуметтік қорғалмаған отбасының балалары бар.
Биыл шамамен 1500 аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету жоспарлануда, сонымен қатар, аталған балалар жаңа оқу жылында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылатын болады.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Ақжайық ауданының төрағасы Максим Жаншаұлы Умбеталиевке акцияның ұйымдастырылуына белсенді қатысып, зор үлес қосқаны үшін алғыс білдіріп, кәсіподақ жұмыстарын жетілдіруге атсалысқаны үшін ризашылығын білдіреді.
Батыс Қазақстан облыстық білім және
ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-