Ақтөбе облысы Қобда ауданы білім беру қызметкерлерінің «Keleshekke – kemel bilimmen» тақырыбында аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті
2019 жылдың 23 тамызында Ақтөбе облысы Қобда ауданы білім беру қызметкерлерінің «Keleshekke – kemel bilimmen» тақырыбында аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Тамыз кеңесіне аудан әкімі Мейрамбек Шермаганбет, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жалпы білі беру бөлімінің басшысы Гульмира Купаевна Нукеева, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының директоры Жанылсын Достангалиевна Нургалиева, аудандық білім беру саласының ардагерері, , мекемелер басшылары, ауылдық округ әкімдері, педагог мен жас мамандар қатысты. Тамыз кеңесінде 2018 – 2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалынып, жаңа 2019 – 2020 оқу жылына ұсынымдар айқындалды.
Тамыз педагогикалық кеңесінде ауданның жетістікке жеткен бірқатар педагогтері Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің, облыстық білім басқармасының, облыстық ғылыми-тәжірибелік және «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталықтарының, аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарымен марапатталды. Бірқатар білім беру саласы қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымының атынан 5 педагог қызметкерге «Мерке» шипажайына жолдама табысталды. Сонымен қатар аудандық кәсіподақ ұйымы демеушілік жасады.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ