Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында «Келешекке-кемел біліммен» атты дәстүрлі мұғалімдердің тамыз конференциясы өтті
2019 жылдың 21 тамызы күні Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында «Келешекке-кемел біліммен» атты дәстүрлі мұғалімдердің тамыз конференциясы өтті. Конференцияда білім саласында атқарылған жұмыстар, алдағы міндеттер белгіленді. Ұстаздарды аудан әкімі М.Қ.Елеусізов, Білім бөлімінің басшысы м.а. А.Қыдралина, облыстық білім басқармасының бас маманы Қ.Алдамжаров, кәсіподақ төрағасы З.У.Бекетов мерекемен құттықтап оқу жылының қорытындысы бойынша үздік мұғалімдерге, зейнеткерлікке шығып отырған ұстаздарға Құрмет грамотасы мен бағалы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар аудандық «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының жеңімпаздары болып табылған мектептерге кәсіподақ ұйымының тарапынан 200000 теңгенің сертификаты табысталды. Конференцияға аудандық кәсіподақ ұйымы демеушілік жасады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ