САПАЛЫ БІЛІМ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Ағымдағы жылдың 23 тамызы күні Атырау облысының педагогтары дәстүрлі Тамыз кеңесін өткен жылды қорытындылап, болашақ жаңа 2019 – 2020 жылға міндеттер жүктеген басқосу ретінде өткізді. Құрманғазы мәдениет үйінде болған жиынға аймақтың әр түкпірінен 500-ге тарта мұғалім және сала ардагерлері қатысты. Кеңесте облыстық Білім беру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ж.М. Төремұратова бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудегі жаңа стратегиялар мен мүмкіндіктер туралы баяндады. Жиынға қатысқан Назарбаев университетінің аға ғылыми қызметкері, Кэмбридж университетінің PhD докторы Г.Ағыбаева, ҚР БжҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары С.Қалимолдаева, облыс әкімі Н.А. Ноғаев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлы сөз сөйледі.
Форум соңы марапаттау салтанатына және көңілді концертке ұласты.
Дәл осындай мәжіліс ағымдағы жылдың 27 тамыз күні Мақат ауданында да салтанатты жағдайда өтті. Жиынға қатысқан «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлы белсенді кәсіподақ мүшелері мен үздік мұғалімдерге республикалық салалық кәсіподақ ұйымының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін, Құрмет грамоталарын және ҚР БжҒМ «Құрмет грамотасын», «Еңбек ардагері» медальдерін тапсырды.
С.ҚАПСИХОВА, «Ұстаздық еңбек»
-
Фото
-