Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің ІІІ отырысы
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының Атқару комитетінің 2019 жылға ІІІ-ші мәжілісі, облыстық кәсіподақтың төрайымы Тарбия Баймбетованың төрағалығымен өтті.
Мәжіліске Атқару комитетінің мүшелері, облыстық білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының, «Болашақ» жастар кеңесінің, Кәсіподақ филиалдарының төрайымдарымен төрағалары қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Кәсіподақтық оқыту бойынша айтылды; екінші мәселе Бейнеу ауданында білім беру мекемлеріндегі кәсіподақ ұйымдарын кешенді тексеру қорытындысы туралы облыс төрайымы Тарбия Анайбекқызы мен Бейнеу аудандық филиалының төрағасы Есбергенов Рүстем мәліметтері тыңдалды; үшінші мәселеге «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің мамандар саясаты туралы, Маңғыстау обл. кәсіподақтың төрайымы Тарбия Анайбекқызы түсіндіріп өтті.
Білім беру қызметкерлерінің жаздық демалысы туралы ұйымдастыру жұмыстары бойынша маманы Аманиязова Асылтас Базарбайқызы мәлімет берсе, «Мектепке жол» республикалық акция шеңберінде өткізілген облыстық акция туралы бірлестіктің төрайымы Тарбия Анайбекқызы кең түрде мағлұмат бере отырып жыл сайын дәстүрлі өтетін акция аясында оқу құралдары жасақталған сөмке-рюкзактарды алдын-ала алынған мүжәлсіз отбасы балаларының тізімінің кестесіне сәйкес, филиалдар мен облыстық бастауыш кәсіподақ төрағаларымен төрайымдарға салтанатты түрде таратып берілді.
Атқару комитетінде қаралған мәселелерге сай, арнайы Қаулылар қабылданды.
«Қазақстандық салалық білім жәнеғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» баспасөз маманы
-
Фото
-