Қамбаштағы екі күн ...
Жастар рухының өсуіне, шығармашылық шыңдалуына, өміріне леп берген Қамбаштағы екі күн біздің есімізде қалды.
Қамбаш көлі «Наурыз» демалыс орнында «Жастар жылы – жаңа леп, жаңа толқын» тақырыбындағы жастар лагерін ұйымдастырған Қармақшы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті және комитет жанынан құрылған «Жас қанат» жастар кеңесіне айтар алғысымыз шексіз, ауданымыздан 50 жас педагог қатысып, уақытты тиімді, пайдалы, мағыналы қызықты өткіздік.
Лагерьдің 2 күнінде түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, «Кел танысайық, әріптес» атты тренингі , «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты эфтафета, «Жақсы көңіл күй – жан азығы», «Біз біргеміз, берік іргеміз» атты тренингтер, «Күш атасын танымас» спорттық сайысы, командалық сәлемдесу, би жарысы, «Жастар өміріндегі әлеуметтік желілердің алатын орны» атты коучинг, «Қамбашта талай қызық бар» атты поэзия кеші жанымызды тербеп, рухымызды көтеріп, жаңа әлем есігін ашқандай әсерде болдық.
Өнер мен білімді қатар алып, ой мен қиялды шарықтатқан, сана көздеріне әсер еткен, өзіңді шыңдауға, дәлелдеуге мүмкіндік берген «Жастар жылы – жаңа леп, жаңа толқын» тақырыбындағы аудандық жас педагогтарға арналған жастар лагерін ұйымдастырушы кәсіподақ комитетіне алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілей отырып, жастарға өз қабілет –қарымдарын дамытуды, рухани істерде ұйымшылдықты тілеймін.
«Мен жанбасам лапылдап, сен жанбасаң лапылдап, Ол жанбаса лапылдап, Аспан қалай ашылмақ» деп Назым хикмет айтқандай қай істе де биік дәрежеңді көрсетіп, «Мәңгілік елдің» рухты, саналы , парасатты, ұлтын сүйетін қазағы болып қала берейік.
Қармақшы жастары жасасын!
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшісі
Каналбеков Қайсар Ғаниұлы
-
Фото
-