БАР ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЛАЛАРҒА
Жуырда облыстық Кәсіподақтар үйінде республикалық «Жүректен жүрекке!» атты шарасы өтіп, аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі – 5, «Сенім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалы – 21 балаға әртүрлі мөлшерде қаржылай сертификаттар табыс етсе, «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі – 15 оқушыға мектеп формасы, оқу құралдары мен спорттық киімдерді сыйға тартты.
Сандуғаш ҚАПСИХОВА
-
Фото
-