"Орта білім беретін үздік ұйым" конкурстық комиссиясының отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 7- тамызында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Л. Тоғжановтың төрағалығымен "Орта білім беретін үздік ұйым" конкурстық комиссиясының отырысы өтті Байқау комиссиясының құрамына педагогикалық еңбек ардагерлері, облыстық мәслихаттың хатшысы, білім басқармасының басшылары, БСБД, Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы және «Ақтөбе - Өрлеу» кіреді.
Байқау жыл сайын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын өткізу ережесіне сәйкес грант мөлшері мен оны беру тәртібін белгілейді. Байқаудың мақсаты - тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату, педагогтар мен орта білім беру ұйымдарының басшыларының кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру, республикада орта білімнің даму тенденцияларын анықтау. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау жыл сайынғы тамыз жиналысында жоспарланған.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ