Жолдыбай Айткулов 70 жаста
Ақтөбе облысы Ойыл ауданының гимніне айналған әйгілі «Ойылым менің–ойдағы елім» әнінің авторы, аға ұстаз, бір бойына бірнеше өнерді сыйғызған азамат Жолдыбай Айтқұловтың 70 жас мерейтойына орай, Ойыл аудандық мәдениет үйінде «Барқыннан ескен сазды әуен» атты кездесу кеші болды. Жолдыбай Айтқұлов білім саласын дамытуда жүздеген шәкірт тәрбиелеп, жастарға ұлағатты ұстаз болды. Бүгінде Жолдыбай аға оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында жемісті еңбек етіп келеді. Мерейтой соңында Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы Жолдыбай ағаны құттықтай отырып, сый-сияпат жасады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-