Кәсіподақ көшбасшыларының фасилитациялық сессиясы
Қызылорда облысы Арал ауданы Қамбаш көлінің жағажайында білім саласының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына арналған«Бастауыш кәсіподақ ұйымында тұлғааралық қарым-қатынастарды дамыту» тақырыбында фасилитациялық сессияөтті. Сессияны облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова ашып, бастауыш кәсіподақ қызметінің ерекшелігі жөнінде сайланған төрағаларға түсініктеме берді.
«Өрлеу» БАҰО тренеріЖ. Жұбауова фасилитациялық сессия жұмыстары негізінде кәсіподақ көшбасшыларының тұлғалық қасиеттеріне бағытталған тұжырымдамалық жобалар, тренингтер, практикалық сабақтар жүргізді. Сессия барысында шағын топтағы қатысушылар өз тұжырымдарымен ұсынымдарын SMART критерийлеріне сай құрастырып, көшбасшылар анықталды. Сессияда облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары Г.Ескалиева, заңгер Н.Утегенова, қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы О.Алимбетова, Жаңақорған аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Сатершинов эксперттік топ құрамында сарапшы тұрғысында жұмыс жасады.
Тренер және кәсіподақ төрағалары интеграциялық негізде өз жұмыстарын атқарып, өзекті тақырыптарда пікір алмасты. Жаңа форматта өткізілген кәсіподақ көшбасшылар мектебінің жұмысына қатысушылар ризашылығын білдірді.
Облыстық кәсіподақ комитеті
-
Фото
-