Елімізде 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды
Елімізде 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Басты мақсат – ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру. Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Жастарды қолдау мақсатында Ақтөбе облысы Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйымдастыруымен ауданның белсенді жас спортшылары Орал қаласы «Ақжайық» шипажайына демалып қайтуға жолға шықты. Спортшыларымызға ақ жол, көтеріңкі көңіл-күй және жақсы демалыс тілейміз.
Биыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз 2019 жылды - Жастар жылы деп жариялаған болатын. Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өте маңызды деп санайды, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі. Сол себепті жастарға арқашан қолдау көрсетуді мақсат тұтқан Ақтөбе облысы Темір аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымы биылғы жылы жыл қорытындысымен белсенді 11 жас маманға Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық» сауықтыру орталығына саяхатқа сертификаттар табыстады. Қазіргі таңда сол жастарымыз жақсы көңіл күймен жолға шықты. Аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы мен білім бөлімінің басшысы жастарымызға жақсы көңіл күймен демалып қайтуға сәттілік тілеп, шығарып салды.
Үстіміздегі жыл – «Жастар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда Ақтөбе облысы Хромтау аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымы да білім саласындағы жастарды қолдау мақсатында игі шараларды бастап та кетті. Соның тағы бір дәлелі бүгін ғана Хромтау ауданының бір топ жас мұғалімдері Орал қаласындағы «Ақжайық» шипажайына демалуға кетті. Жастардың шипажайдан денсаулықтарын нығайтып, жақсы демалып келуіне тілектеспіз.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-