Облыстық білім басқармасының есебі
26 маусым күні Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қызметкерлері А.Серимбетов пен Н.Жетпісбай Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Лаззат Уразбаеваның халық алдындағы есебіне қатысты. Облыстық білім басқармасы басшысының есебінде білім беру мекемелерінің қазіргі таңдағы жағдайы, Ұлттық бірыңғай тест тапсыру қортындысы, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, мектеп және кәсіптік-техникалық оқу орындарын бітірген түлектердің жоғарғы оқу орындарына және жұмысқа орналасуы, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы және тағы да басқа сұрақтар туралы баяндалды. Баяндамасын қорыта келе басқарма басшысы алдағы оқу жылына қойылған жаңа міндеттермен таныстырды. Көптеген сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-