Алга жастары жолға шықты
Елімізде 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланды. Басты мақсат – ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру. Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Жастарды қолдау мақсатында Ақтөбе облысы Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ауданның белсенді жас спортшылары Орал қаласы «Ақжайық» шипажайына жолға шықты. Спортшыларымызға ақ жол, көтеріңкі көңіл-күй және жақсы демалыс тілейміз.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ