Қалалық білім бөлімінің есебі
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мамандары А.Серимбетов пен Н.Жетпісбай Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Сулейменов Саян Сапаровичтің 2018-2019 оқу жылының қортындысы бойынша есептік кездесуіне қатысты. Қалалық білім бөлімінің есебінде білім беру мекемелерінің желісі мен құрамы, мектептер, мектепке дейінгі ұйымдар, қосымша білім беру ұйымдары туралы, Ұлттық бірыңғай тест тапсыру қортындысы, дарынды балалармен жұмыс, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, түлектердің орналасуы, оқушыларды тасымалдау жұмыстарының ұйымдастырылуы, ыстық тамақпен қамтылуы, «Мектепке жол» акциясы, мектеп оқушылары арасындағы қылмыс деңгейі және білім ордаларындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жөнінде баяндалды. Сөз соңында алдағы оқу жылына ұсыныстар мен жаңа міндеттерді айтып өтті. Сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-