«Оpen Talks» ашық алаң
Жастар – болашақтың кепілі. Кез-келген мемлекеттің, елдің болашағы сол елдің жастарына байланысты, жастар елдің басты қозғаушы күші. Қазіргі таңда жастардың қалыптасуына, өзін көрсетуге қай салада болмасын, көптеген мүмкіндіктер бар.
Осы орайда Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті 04-07 маусым күндері Жастар жылы аясында барлық аудандарда арнайы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында 700-ге жуық жас сала қызметкерлеріне «Оpen Talks» ашық алаң форматында кездесу ұйымдастырды.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру арқылы жас сала қызметкерлерімен тікелей араласуға мүмкіндік алып, түйінді мәселелердің шешімін бетпе-бет отырып ашық алаңда шешуге жұмыс жасалды.
Алаңда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері, Ауылшаруашылық басқармасынан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының мамандары, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мамандары жастар мемлекеттің қамқорлығында екенін айтып, түрлі мемлекеттік бағдарламаларды ұсынды. Облыстық кәсіподақ комитетінің мамандары, облыстық экономика және жоспарлау басқармасының бөлім басшысы сала қызметкерлерінің жалақысы 1 маусымнан бастап көтерілгеніне тоқтап түсініктеме берді.
Кездесу бейресми, еркін форматтағы пікіралмасу ретінде, сұрақ-жауап, ашық диалогтық алаң түрінде өрбіді. Жастар кез келген тақырып бойынша мәселе көтеріп, бір бірімен кеңесіп, тәжірибе алмасып, жаңалықтарымен, идеяларымен бөлісті.
Сондай-ақ, «Жас проджект» жастар корпусын дамыту жобасына қатысып, бір миллион теңге грант ұтып алып, өз кәсібін ашқан жас ұстаз кәсіпкерлер кеңінен тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерін уақыттарын тиімді пайдаланып, ауданның дамуы жолында бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Жалынды жастар облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназароваға көкейлерінде жүрген сұрақтарын еркін қойып, жауап алды.
Кездесуді қорытындылай келе Райкүл Мәнсүрқызы жастардың айтқан ұсыныстары мен сауалдарын негізге ала отырып, алдағы уақытта өзекті мәселелерді шешуге, сондай-ақ кездесуге қатысқан жастарға өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта сәттілік тіледі.
Гүлнар Ескалиева
-
Фото
-