«Кәсіподақ - өлшеусіз еңбектің қорғаны»
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен, Мұнайлы ауданының №1 орта мектебінің акт залында, аудандық білім беру ұйымдарының директорлары, іс-жүргізуші кадр мамандары, есепшілері және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысқан ауқымды семинар ұйымдастырылды.
Семинарға барлығы сексенге жуық кәсіподақ мүшелері ерікті түрде қатысты. Семинарды аудандық білім бөлімі басшысы Е.О.Овезов ашып беріп, семинардың ойдағыдай өтуіне сәттілік тіледі.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрайымы Тарбия Анайбекқызы Баймбетова және құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Наталья Станиславовна Храмова білім беру ұйымдарында қызмет ететін педагогтерге «Жұмыскердің еңбек құқығын қорғау – басты міндет!» - деп сөз бастады.
Семинардың басты мақсаты – бастауыш ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнату, кәсіподақ мүшелерінің еңбек қатынастарында, жалақы мөлшері мен жазғы демалыстарына және білім беру ұйымдарының директорларының аттестациядан өтуге байланысты туындап жатқан көкейтесті сұрақтарына жауап беру, әлеуметтік әріптестік актілерінің тәжірибеде қолдану сұрақтарын талқылау.
Осы орайда, облыстық кәсіподақтың құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Наталья Станиславовна Храмова ҚР Еңбек кодексінің қолданылу тәртібі туралы және бүгінгі таңдағы басты мәселе - қоса атқару мен қоса атқарылатын жұмыстың айырмашылығына тоқталып, слайд түрінде толық түсінік берді.
Семинарға қатысушылардан түскен түрлі сұрақтарға қанағаттанарлық жауап берілді, электронды нұсқада нұсқаулықтар таратылып, болашақ кәсіподақ жұмыстарының барысына өзекті мәселелер ұсыныстары қабылданды.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы кәсіподақ ұйымы
филиалының төрайымы төрайымы Рита Текеева
-
Фото
-