Талдықорғанда жастар Кеңесінің мүшелері бас қосты
Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жанынан құрылған жастар Кеңесінің мүшелерімен облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров кездесті.
Кездесу барысында Алакөл, Панфилов аудандарында жыл басынан бері атқарылған жұмыстары, Ескелді, Кербұлақ аудандарында «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалу барысы және жас ұстаздардың республикалық жазғы лагерін өткізу туралы мәселелер қаралды.
Жиында Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров сөз алып, өткізіліп жатқан шараларды атап, жастар жылында жастар Кеңесінің жұмысы жанданғанына тоқталып, оң баға берді.
Сонымен қатар, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының жоспарына сәйкес жас ұстаздардың республикалық жазғы лагері Жетісу жерінде өтетінін айтып, осы шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Жастар Кеңесінің мүшелері бірауыздан қажетті шешімдерді қабылдап, жауапты кезеңде бірлесе атқаратындықтарына сендірді.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-