"Əр бала - бір жұлдыз" атты мерекелік шара өтті
Қобда ауданының 90 жылдығы мен 1маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Талдысай ауылының "Гаухар" бөбекжайы негізінде "Əр бала - бір жұлдыз' атты мерекелік шара өтті. Шара барысында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосып,қазіргі таңда зейнеткерлікке шыққан есеп қызметкері болып қызмет атқарған Балсекер Мақуданқызына аудандық білім қызметкерлері кəсіподағы ұйымы атынан "Алғыс хат" пен бағалы сыйлық табысталса, мектепке дейінгі ұйымдардың 20 белсенді кəсіподақ мүшелеріне "Құрмет грамотасы" мен ақшалай сыйлықтар берілді. Сонымен қатар Жастар жылына орай, балабақша тəрбиешісі, белсенді қызмет атқарып жүрген жас маман Р.Алдабергеноваға Батыс Қазақстан облысындағы "Ақжайық" шипажайына емделіп, демалуға аудандық кəсіподақ ұйымы атынан тегін жолдама берілді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ