ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР АМАНКЕЛДІ ТАСПИХОВТЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы орталығында, сонымен қатар елді-мекендерінде, Төретам кентінде және Байқоңыр қаласында Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер А.Таспиховты қолдау мақсатында сайлауалды үгіт-насихат науқаны жүргізілуде.
23 мамыр күні кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдері Қармақшы ауданының білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы Г.Серікбаева, №121, №27 орта мектептері және №250 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары А.Еленова, А.Жұмағалиева, М.Адилова аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған «Жас қанат» жастар кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесуге қатысушылар А.Таспиховтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасымен танысып, тұғырнамада көтерілген жосықсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қаматамасыз ету, сондай-ақ еңбек миграциясын реттеу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, жиынға қатысушы жас ұстаздар өз ұсыныстарын да айтты. Мәселен, жақын арада қабылданатын ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасының 14-бабының 1 тармағында көрсетілген баспана мәселесіндегі жеңілдік түрлерін нақтылау. Себебі 7-20-25 бағдарламасы бойынша бастапқы жарна 2,3 миллион төлеу керек, яғни ол педагогтардың қалтасын көтермейтіндігі; білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын ер азаматтар үлес салмағы өте аздығы. Осыған орай, білім беру ұйымдарына педагогтарды қабылдауда ер мұғалімдерге басымдық бере отырып, мектепті үздік бітірген оқушыларды педагогикалық мамандыққа тарту үшін шәкіртақыны екі есеге көтеру; ауыл мектептерін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін ауыл мұғалімі мәртебесіне ерекше көңіл бөлу; еңбегінің ерекшеліктерін, қиындықтарын ескере отырып дәптер тексеру, ағылшын тілінде сабақ берген мұғалімдердің айлығын көтеру; еңбекке уақытша қабілетсіздігі үшін мұғалімге төленетін жәрдемақы көлемі 15 АЕК өте аз, дәрі-дәрмекке жетіспейтіндігі және ұзақ емді қажет ететін сырқат түрлері 100 пайыз көлемде төлеуін ескеру.
Кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдері «Жас қанат» жастар кеңесінің мүшелерімен бірлесіп аудан тұрғындары назарына ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспихов туралы үгіт-насихат материалдарын ұсынып, оларды сайлауға белсенді қатысып, кандидатты қолдауға шақырды.
-
Фото
-