ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОРЛАРМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
Тасқала ауданы орталығында «Саулет» МЛ базасында 21 мамыр күні «Білім беру ұйымдарындағы Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша Өндірістік Кеңес туралы» тақырыбында білім бөліміне қарасты мекемелердің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге бастауыш кәсіподақ төрағалары мен білім беру мекемелерінің басшылары, техникалық инспекторлар, барлығы 60 адам қатысты.
Дөңгелек үстелдің алғысөзін облыстық салалық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаевқа ұсынылды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы – заңгер Гүлжанат Курмангазиева Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөнінде баяндама жасады. БҚО Еңбек инспекциясының бас маманы Гулниса Изимбергенова қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөнінде ақпарат берді.
Шара барысында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас есепшісі Гүлнұр Хаирлиева кәсіподақ жарнасының жұмсалу бағыты бойынша баяндады.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
КӘСІПОДАҒЫ
-
Фото
-