Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының білім саласы бойынша «Мейірімді жүрек» жәрмеңкесі өткізілді
Жас Қазақстандықтар болашаққа көзқарасымен, елдің әлеуметтік-экономикасын дамытуға өз ізгі үлесін қосуда.
Осы орайда «2019 жыл – жастар жылы» атануына байланысты облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің бастамасымен жастардың бойына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық сияқты ізгі ұғымдарды қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен отбасына көмек көрсету, оларды рухани тұрғыда қолдап-қуаттау мақсатындағы қамқор болар қасиетімізді арттыруда Қармақшы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті жанынан құрылған «Жас қанат» жастар кеңесінің мүшелері, яғни аудан мектептері бойынша 35 жасқа дейінгі жас қызметкерлер 2019 жылдың 16 мамыр күні «Мейірімді жүрек» жәрмеңкесін өткізіп, түскен қаржыны әлеуметтік жағдайы төмен қызметкерлерге беріп, мол көмектерін тигізуге жұмыс жасады.
Атап айтар болсақ, әр ұжым қызметкерлері қолдарынан жасалған тәттілерін мектептің оқушылары мен орта, жоғары буынды ұстаздарға ұсынса, кей ұжымдар сенім жәшігі қойылып, концерттік бағдарлама жасап, жалғыз басты ардагерлердің үйлерін, аулаларын тазартып, алғысқа бөленді.
«Мейірімді жүрек» жәрмеңкесінен 29 мектеп бойынша 411600 теңге қаржы түсіп, 31 қызметкерге тапсырылды. Оның ішінде жағдайы ауыр және науқас 3 қызметкерге 40000 теңгеден табыс етілді.
Қасиетті Рамазан айында барлық жасаған жақсылықтарыңыз бен сауаптарыңыз сансыз еселене түссін!
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының
білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы Г.Серікбаева
-
Фото
-