Ескелді ауданында «Бастауыш ұйымындағы бір күн» шарасы аясында оқыту семинары өтті
Бүгін «Бастауыш ұйымындағы бір күн» шарасы аясында Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы Титов атындағы орта мектептің негізінде «Еңбек қатынастарының негізін қалаушы – кәсіподақтар» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларына әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында өткен семинар жұмысына Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымның бас мамандары Л.Сағынғалиқызы, Ә.Қайырхан, А.Арымбаева және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Ұйым заңгері Қайырхан Әсет жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастыран реттейтін ең негізгі құжат - ұжымдық шарттың мазмұны мен басты қағидаларына тоқталса, бас маман Л.Сағынғалиқызы бастауыш ұйымының іс-қағаздарын жүргізу ерекшеліктерін баяндады. Ал бас есепші А.Арымбаева қоғамдық бірлестіктің қаржылық-шаруашылық қызметі төңірегінде сөз қозғап, қаржы саясатын заң аясында жүргізу қажеттігін айтты.
Пікір алмасу кезінде Рүстембеков атындағы орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Светлана Сейдахметова жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, кәсіподақтарды дамыту турасында ойларын ортаға салды.
Әр айдың үшінші жұмасында өтетін аталмыш шара аясында облыстық ұйымға қарасты барлық аудандық, қалалық филиалдарда қоғамдық қабылдаулар, семинарлар ұйымдастырылып, кәсіподақ белсенділеріне практикалық көмек көрсетілді.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымның
баспасөз қызметі
-
Фото
-