"БІЗ БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ" ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ
"Отан отбасынан басталады" деп дана халықымыз бекер айтпаса керекті. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібіндұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Қазақ халқы ертеден мызғымас отбасылық-туыстық қарым-қатынастарымен қатар ұрпақтар жалғастығымен ерекшеленеді. Ел тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап ана мен бала мәселелері мемлекетіміздің саясатында басты орын алады. Отбасы тек қоғамның әлеуметтік басты құрылымы ғана емес, сонымен қатар мемлекетіміздің саяси тұғыры саналады. Отбасында дербес дүниетаным, мәңгілік моральдық-адами құндылықтар, қоршаған ортаға қатынас одан әрі адамның жалпы мәдениеті қалыптасады. Осы орайда "15 мамыр Халықаралық отбасы күні" мерекесіне орай №264 мектеп-лицей базасында Қызылорда қаласы білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Біз бақытты жанұя» атты спорттық-эстафеталық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты-отбасы күнін кең көлемде атап өту. Жалпы білім беретін мектептерде отбасылық ұстаздар арасында салауатты өмір салтыннасихаттау мен жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептерде білім алушы өскелең ұрпақты дене шынықтыру мен спортқа жүйелі түрде қатыстырып, бұқаралық спортты дамыту. Сайысты білім беру ұйымдарының кәсіподақ комитетінің төрайымы Орынша Міржақыпқызы ашып беріп, отбасы құндылықтарының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіріп өтіп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Сайысқа
Алматов Ердеш-23 мектеп-лицей мұғалімі,
Юнкинд Ирина-198 орта мектеп мұғалімі,
Меңдібаева Гүлмира-23 мектеп-лицей мұғалімі әділ қазылық жасады.
Жарыста №1, 3, 4, 5, 7, 8, 15, 264 мектептерінің отбаслық ұстаздары қатысып бақ сынасты. Сайыс "Ұшқырлар", "Диқаншылар"," Бұқа тартыс", "Аламан" сынды төрт кезеңнен тұрды. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды №1 мектеп-гимназия командасы,
2-орынды №8 орта мектеп командасы, 3-орынды №264 мектеп-лицей командасы иеленді. Барлық сайысқа қатысушылар қалалық білім бөлімі мен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттары, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Қызылорда қалалық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-