Бала бақшасына қоғамдық бақылау жүргізілді
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жылдық жоспарына сәйкес Ақтасты ЖОББ мектебіне және Шамшырақ бала бақшасына қоғамдық бақылау жүргізілді. Қоғамдық бақылау барысында ұжымдық еңбек шарттары, еңбек кітапшалары және оқу жүктемесімен танысып, құжаттарды толтыру жөнінде кемшіліктер ескертіліп кеңес берілді. Бақылау барысында ұжым мүшелерімен кездесіп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша жетістіктерге жеткен ұстаздарға аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы З.У.Бекетов Құрмет грамотасын табыстады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ