Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың «Еңбек адамының мүддесін қорғауға бағытталған» бағдарламасы жиынға қатысушылардың қызығушылығын тудырды
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Маңғыстау облыстық қоғамдық штабының үгіт - насихат сапарлары қызу үстінде.
ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың Маңғыстау облыстық қоғамдық штабының сайлау науқанын өткізудің бекітілген желілік кестесіне сәйкес, кандидаттың сенімді тұлғалары, 13 мамырда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында әкімдік, білім саласы қызметкерлерімен «Оқушы орталығы» залында және 14 мамырда Мұнайлы ауданында үгіт материалдары таратылды.
15 мамырда Ақтау қаласының № 6 орта мектебінің еңбек ұжымымен кездесті.
Матаев Тельман Қамидоллаұлы – Маңғыстау облысының облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы, Баймбетова Тарбия Анайбековна- «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы, Енсегенова Кунзира-«Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының төрайымы, Ермаганбетова Алтынай Бисенбайқызы - №6 орта білім беру мектебінің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы барша қатысушыларға кандидаттың өмір жолымен сайлау алдындағы тұғырнамасымен таныстырды.
Жиынға барлығы 50 адам қатысты және 50-ден астам дана үгіт материалдары таратылды.
Кездесу Президенттікке кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының қолдауымен іскерлік ахуалда өтті.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің хатшысы
-
Фото
-