«15 мамыр отбасы күніне» орай өткізілген қайырымдылық шара
2019 жылдың 14 мамыр күні №10 «Ақбота» балабақшасы базасында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің Мұнайлы аудандық филиалының іс-шаралар жоспарына сәйкес, мүмкiндiгi шектеулi жандарды қоғамға бейiмдеп, олардың еңсесiн тiктеп, өзгелер секiлдi өмiр сүрулерiне қолайлы жағдай жасау, оларға қолдау көрсету, ынталандыру арқылы олардың әлеуметтiк бейiмделуiне жәрдемдесу, мүгедек адамдардың өмiрi мен мәдениетiне қоғамның назарын аудару, оң көзқарас қалыптастыру мақсатындабілім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Ауданымыздың білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі 32 азамат және азаматшалар бар екені алдын ала анықталды. Бұл шараға білім беру ұйымдарынан І, ІІ, ІІІ категориялы мүмкіндігі шектеулі азамат және азаматшалар қатысып, бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасын тамашалады.
Шара соңында мерекелік дастархан жайылып, қаржылай сыйақы үлестірілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға бүкіл халық атынан, әлем атынан үлкен қолдау қажет. Оларға деген сый-құрмет жоғары болғаны жөн. Өйткені олар нағыз өмірдің не екенін және қалай өмір сүру керектігін білетін, түсінетін адал да, ардақты жандар!
Мұнайлы аудандық филиалыныңтөрайымы Р.Текеева
-
Фото
-