Еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі
Бүгін 14.05.2019 жылы №101 мектеп-лицейінде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйым төрағалары мен еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторларына арналған семинар өтті.
Семинарға облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.М.Байназарова, Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары М.С.Бәйімбетов, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім басшысы Б.Б.Досымов қатысты.
Еңбекшілердің құқығын қорғаудағы кәсіподақтардың бастамалары туралы М.Бәйімбетов баяндама жасап, онда Жұмыскердің еңбек құқығын қорғау – әрбір кәсіподақ ұйымының міндеті болып табылатынын және ұжымдық шартта адам өмірі мен қауіпсіздігі туралы толық көрсетіп, оның орындалу қажеттілігі туралы баяндады.
Еңбек инспекторы Б.Досымов ҚР Еңбек кодексінің қолданылу тәртібі туралы толық мәлімет берді. Оның ішінде білім саласына қатысты туындап жүрген арыз-шағымдар бойынша және лауазымдарды қоса атқару мен қоса атқарылатын жұмыстың айырмашылығына нақты тоқталып өтті.
Сонымен қатар семинар барысында «Ұжымдық шарт – ынтымақтастық кепілі» тақырыбында №2 «Мұрагер» мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Қаламбаев баяндама жасады.
Республикалық салалық «Еңбек қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауының жүлдегері атанған Қызылорда қаласының №198 мектебінің техникалық инспекторы Н.Ярынюк білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі жұмыстарын жүргізілуі бойынша өз іс тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қатысушыларына Еңбек қатынастары бойынша сұрақ-жауап кітапшалары, №198 мектебінің техникалық инспекторы жұмысының іс-тәжірбиесінен және т.б. әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.
Семинар соңында қатысушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын ортаға салып, тиісті мамандардан тұжырымды жауаптарын алды.
Мұндай көшпелі семинарлар алдағы уақытта басқа аудандарда ұйымдастырылып, практикалық көмектер көрсетіледі.
-
Фото
-