«Бейбіт күн жасасын әлемде» атты салтанатты шара өтті
Қармақшы аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 6 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекелеріне орай «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты салтанатты шара өткізілді. Салтанатты шара ауданның алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінен құралған хордың орындауында «Катюша», «Егемен Қазақстан» әндерімен бастау алды. Қармақшы аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы білім саласының ер азаматтарын, тыл ардагерлерді және 80, 70 жас мерейтой иелерін мерекелерімен құттықтап, марапаттады. Сонымен қатар Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Омаров Жарқын Тұрмаханұлы және Қармақшы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бастығы Турғанов Рустем Маматович өз саласы бойынша жетістікке жеткен ер азаматтарды марапаттады. Салтанатты шара Қармақшы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жанынан құралған «Жас қанат» жастар кеңесінің мүшелерінің орындауында соғыс кезіндегі және қазіргі патриоттық әндер мен би өнерлері көрсетіліп, жалғасын тапты.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
-
Фото
-