Бір жыл ішіндегі атқарған қызметтері мен кəсіподақ қаражатының жұмсалу бағыттары туралы есебі тыңдалды
Облыстық салалық білім жəне ғылым қызметкерлерінің кəсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікованың қатысуымен Ақтөбе облысы Қобда аудандық білім қызметкерлері кəсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Ибраевтың бір жыл ішіндегі атқарған қызметтері мен кəсіподақ қаражатының жұмсалу бағыттары туралы есебі тыңдалды. Атқарылған жұмыстарға оң баға беріліп, əр түрлі ұсыныстар мен мəселелер талқыланып, одан əрі кəсіподақ жұмысын жақсартудың шаралары белгіленді.Жиналыс "Дүниежүзілік еңбекті қорғау" күніне орай облыстық кəсіподақ ұйымының заңгері А.Л.Алимпиев пен еңбекті қорғау мəселері жөніндегі маман Н.Ы.Жетпісбай "Білім мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуының құқықтық негіздері" тақырыбындағы семинармен жалғасты.Заң аясында туындаған көптеген сұрақтарға жауап берді. Қорытындысында белсенді кəсіподақ көшбасшылары жəне əлеуметтік əріптестер облыстық жəне аудандық кəсіподақ ұйымы тарапынан марапатталып, қаржылай сыйақы табысталды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ