«Бірлгіміз жарасқан - Кәсіподақ жасасын!»
Ағымдығы жылдың 30 сәуір күні Ақтау қаласындағы«Experanze» мейрамханасында, Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің 1-мамыр, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ұрпақтар сабақтастығы!» тақырыбында салтанатты марапаттау шарасын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігі» ұйымдастырып өткізді.
Фойеде көңілді әуендер ойналып тұрды. Ресми қонақтар мен шақырылған ұстаздар орындарына орналасқаннан кейінжүргізушілер ортаға шығып, салтанатты кешті бастап та кетті.
Баршамызды білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған – ұлағатты ұстаздар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелетін 1 – мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын! - дей келе, алғашқы Құттықтау сөзді «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің» төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбекқызына берілді.
Төрайым, Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ізбасарларына ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагер ұстаздарымыздың орны ерекше екенін атап өтті.
Білім саласында белсенді қызметтерімен танымал болған, ардагер ұстаз, Маңғыстау аудандық кәсіподақ ұйымының ардагер көшбасшысы, - Ақжанова Дина Жұптұрғанқызы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, Ш.Есенов ат. Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ақтау - Сұңқар» спорт клубының дирекоры - Ахметов Нурсапа Абдикеримовичті, мараппаталады. Бір топ ардагер ұстаздарды «Еңбек ардагері» медалімен, бір топ білім саласына еңбегі сіңіп жүрген ұстаздараға, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Журналистер арасында өткен республикалық «Ұстаз мерейі - ел мерейі» байқауына қатысқаны үшін, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен, «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығының» Акционерлік Қоғамдық филиалы, Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары жөніндегі бөлімінің жетекші маманы - Абишева Зауре Сундетовна және «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық
филиалының баспасөз хатшысы - Избасарова Камшат, бір топ кәсіподақ ұйымы жұмыстарына белсене қатысып жүрген көшбасшы ұстаздарға - «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» Белгісімен марапаттады.
Мемлекет басшысы жастармен кездесіп, биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. «Еліміздің болашағы-жастар, Бүгінгі жастар біліктілігі мен білімі арқылы ғана биік-биік белестерді бағындырады. Олар өздерінің белсенділігін көрсетіп, еліміздің дамуына пайдасын тигізетін көптеген бастамалардың себепшісі бола алады» деп сенім білдірген болатын.
Жастарды қолдау мақсатында, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» бір топ кәсіподақ белсенді жастары марапатталды.
Кеш соңы мерекелік шағын концерттік бағдарламамен ұласты.
Облыстық білім беру мекемелері басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымыныңтөрайымдары, белсенді кәсіподақ ұйымының жастары, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерінқорғаудағы белсенді қызметтеріне сәттілік, шығармашылық табыстар тілеп тарқасты!
«Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-