Алматы облысында «Ұстаз болғым келеді...» шығармалар байқауының қорытындысы жарияланды
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өткен жылдың 5 қазандағы Жолдауында 2019 жылды - Жастар жылы деп жариялаған болатын.Қоғамның бір бөлігі ретінде жастарға көңіл бөліп,қолдау көрсетуді тапсырды.
Сонымен қатар, «Педагог мәртебесі туралы» заңның жобасын қабылдауды ұсынып, ұстаздар қауымына ерекше назар аударды.
Осы ретте, қос бастамаға қолдау білдіріп, Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы алғаш рет жоғары сынып оқушылары арасында «Ұстаз болғым келеді...» шығармалар байқауын ұйымдастырды.
Аталған шараның мектепшілік және аудандық, қалалық деңгейінде іріктеу кезеңдері өтіп, 89 үміткердің 21-і облыстық кезеңге жолдама алды.
Екі айға созылған байқаудың қорытынды кезеңіне «Білімді ел» республикалық газетінің бас редакторы Ләззат Түркістанова, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Алуа Қабдұлова, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті гуманитарлық факультетінің деканы Айна Рахимова, «Өлке тынысы» ЖШС басшысы Мейрам Жанәділов, №20 мектеп-лицейінің мұғалімі Әлия Әмірова және облыстық ұйымның төрағасы Садық Әбдіқадыров төрағалық жасап, шынайы жүйрікті анықтады.
Қорытынды кеште кәсіподақ өкілдері, сала ардагерлері оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін арнады.
Әділқазы алқаларының атынан І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті гуманитарлық факультетінің деканы Айна Маратқызы байқау шартына сай жазылған шығармалардың маңмұнына, оқушының сауаттылығына, ойының ұшқырлығына қарай баға беріп, шын жүйрікті анықтауға атсалысқандарын айтып өтті.
Жүзден жүйрік шығып, бас жүлдені Алакөл ауданы, Жыланды орта мектебінің 11- сынып оқушысы Ұлан Базарбаев, І орынды Панфилов ауданы, Әулиеағаш орта мектебінің 11-сынып оқушысы Алуа Асқар, ІІ орынды Ескелді ауданы, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысыАрайлым Тазабекова, ІІІ орынды Текелі қаласы, №4 орта мектептің 11-сынып оқушысы Екатерина Сугакова иеленді.
Мекеме басшылары жеңімпаздарға дипломдар, ақшалай сыйлықтар және Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті кәсіподақ филиалының шәкіртақы тағайындау туралы сертификатымен марапаттады. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Шараға келген қонақтарға Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншілері Эльмира Дауренбекова, Мадина Әліпбекова, Бақытгүл Абенова, Бақберген Асқарбеков әннен шашу шашты.
Алматы облыстық білім және ғылымқызметкерлері
кәсіподақ ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-