Түркістан облыстық ұйымы өзінің іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық спартакиада өткізді
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Осы Жастар жылы аясында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымы өзінің іс-шаралар жоспарына сәйкес спорттың волейбол және кіші футбол түрлерінен облыстық спартакиада ұйымдастырып, өткізді. Спорттың волейбол түрінен облыстың барлық аудан, қалаларындағы білім беру ұйымдарынан 16 құрама команда қатысса, кіші футболдан да 16 команда қатысып, өз бақтарын сынады. Облыстық спартакиаданың ашылу салтанатын облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, әрі қарай өнерпаздар мен жас каратэшілер өз өнерлерін көрсетті. Спорттық ойындарға кәсіби төрешілер қазылық жасады.
Жарыстың қорытындысы бойынша волейболдан жүлделі І орынды Сайрам ауданы, ІІ орынды Сарыағаш ауданы, ІІІ орынды Арыс қаласы мен Созақ аудандары өзара бөлісті. Ал кіші футболдан жүлделі І орынды Түркістан қаласы, ІІ орынды Түлкібас ауданы алса, ІІІ орынға Ордабасы мен Қазығұрт аудандары ие болды. Жүлдегерлерге дипломдар, кубоктар, медальдар және ақшалай сыйлықтар тапсырылса, үздік ойыншылар алғыс хаттармен марапатталды.
-
Фото
-