ПАВЛОДАРДАҒЫ КӘСІПОДАҚ ЖАСТАРЫ БАС ҚОСТЫ
2019 жылғы 26 сәуірде Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс аудандарының және Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінің жас педагогтары мен мамандарының қатысуымен "Жас мұғалім және кәсіподақ: болжамы мен ақиқаты" тақырыбында ауданаралық семинар ұйымдастырылды. Ақтоғай ауданының Абай ат. орта мектеп өтті.
Семинарға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Ернар ИМАНБАЕВ, облыстық және аудандық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар білім беру өкілдері мен мектеп басшылары қатысты.
"Ауыл - ел бесігі" жобасы мен Жастар жылы аясында ауылдық жас ұстаздарды шоғырландыру мен олармен жұмыс жасауда кәсіподақ жанындағы Жастар кеңесінің рөлі ерекше екенін атап өткен жөн.
Ең бастысы, аталған семинарда модераторлық, сарапшылық қызметін Жастар кеңесінің мүшелері жүргізді.
Жас мамандарды келесідей үш топқа бөлді:
1) Жас педагогтың жұмысына ықпал ететін факторлар. Жағымды және жағымсыз жақтары; 2) Құқықтық алаңдағы жас педагогтар; 3) Ақпарат - кәсіподақ қозғалысының идеяларын қозғаушы құрал. Өзекті тақырыптар төңірегінде әр топ SWOT анализін жасай отырып, дәйекті ой-пікірлерін, тәжірибелерін ортаға салды. Арада пікірсайыстар да болды. Сөз сөйлеушілерге көптеген көкейкесті сұрақтар да қойылды. Әрқайсысы жұмыстарын жоба ретінде таныстырып, үлкен қызығушылық тудырды.
Семинар соңында сарапшылар өз ойларын қорытындылады және қатысушы жас мамандар бұл тәрізді семинарларды жиі өткізілуіне ниет білдіріп барша ұйымдастырушыларға жылы ықыластарын білдірді. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Шараны Ернар Иманбаев "Жастар қозғалысын дамыту - кәсіподақ жұмысын жаңартушы фактор. Ақпараттық және жобалық жұмыстар" тақырыбында презентациясымен таныстырып, Салалық кәсіподақтың жастар саясаты бағытындағы жұмысымен таныстырып өтті. Қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар мен ұсыныстар болды.
-
Фото
-