Павлодар облысында Жастар жылы аясында жастар қозғалысына қатысты кешенді шаралар өтті
Ағымдағы жылғы 25-26 сәуірде Павлодар облысында Жастар жылы аясында жастар қозғалысына қатысты кешенді шаралар өтті.
Аққулы ауданында "Жас маман - жаңа идея" тақырыбында дәстүрге айналған үш турдан тұратын жастар конкурсы ұйымдастырылды.
Шараға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Ернар Иманбаев, облыстық және аудандық кәсіподақ ұйымдарының, білім беру бөлімінің өкілдері, жастар кеңесінің мүшелері қатысты.
5 ауданнан жиналған жас мамандар білім беру саласына қатысты көптеген мәселелерді талқылап, кәсіби өнерлерін шебер көрсетті.
Қатысушылар арасында педагогикалық династияның өкілдері мен еңбек өтілдері 5 жылға толмайтын мектеп басшыларының орынбасарлары да қатысты.
Көкейкесті жобаларымен таныстырып, облыстағы киелі жерлердің бағытын, волонтерлік қызметті, әлеуметтік желіні оқу барысында тиімді пайдаланы, оқушыларды педагогикалық мамандыққа баулуды және келер 2020 жылды ҰСТАЗДАР ЖЫЛЫНА арнаулы ұсынды.
Үздік үлгілерімен, өзекті тақырып төңірегінде өнер көрсеткен қатысушылар арасында үздіктерді анықтау қиын болды. Ақсу қаласының ауылдық аймағының жастар жеңісті қанжығасына байлап, кубокты жеңіп алды. Қалған жүлделі орындар Аққулы, Павлодар және Ақтоғай аудандарына бұйырды.
Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл ұсыныстар қазылар алқасына да жағымды болғанын атап өткен жөн.
Шараның қорытындысы ретінде диалог алаңына жастармен пікір алмасып, Ернар Иманбаев "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын және кәсіподақ жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті.
Белсенді жас мамандар Кәсіподақтың Алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жас педагогтар да өз ұсыныстарымен бөлісе отырып Салалық кәсіподаққа зор алғыстарын білдірді.
-
Фото
-