«Еңбекті қорғау-қауіпсіздік кепілі» тақырыбында шара өтілді
Бүкіл әлемдік еңбекті қорғау күніне орай 23 сәуір күні М.Жұмабаев, Комсомол, Талдысай ЖОББ мектептерінде бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Еңбекті қорғау-қауіпсіздік кепілі» тақырыбында шара өтілді. Шара барысында еңбекті қорғау саласындағы жауапкершілік ҚР-ның Еңбек Кодексінің, ҚР-ның білім және ғылым саласы ұйымдарындағы еңбекті қорғау Ережесі түсіндірілді. «Еңбек қауіпсіздігі саласында қызметкерлер және жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері» туралы дөңгелек үстел өткізіліп, онда туындаған сұрақтарға жауаптар берілді. Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік еңбек және кәсіптік мүдделерін қорғау бағытында атқарған нәтижелі жұмыстары үшін Комсомол, М.Жұмабаев, Талдысай ЖОББ мектептерінің еңбек инспекторлары А.Ж.Шоқпаров, А.Қ.Жармедетов, Т.Е.Кушкимбаевқа Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы З.У.Бекетов Алғыс хаттар табыстады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ