«Қауіпсіз еңбек-лайықты еңбек» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Жыл сайын 28 сәуірде Халықаралық еңбек ұйымы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Осы орайда, аудандық кәсіподақ ұйымының жоспарына сай «Еңбекті қорғау 10 күндігі» аясында Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы З.Бисалиеваның ұйымдастыруымен 18 сәуір күні кіші қызметкерлер арасында «Қауіпсіз еңбек-лайықты еңбек» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда жұмысшылар еңбекті қорғау туралы сөз сөйлеп, өз көзқарастарын білдірді. 20 сәуір күні мұғалімдер арасында «Еңбекті қорғау, сіз не дейсіз?» атты коучинг өткізілді. Екі топқа бөлініп, барлық берілген сұрақтар бойынша өз пікірлерін қағаз бетіне түсіріп, постер қорғады. Кейбір жауаптар модерацияға түсіп, қызықты өтті.Ұжымға еңбекте табыс тілейміз.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ