«Менің құқығым бар!» тақырыбындағы облыстық семинар
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен, Ақтау қаласының №8 орта мектебінің акт залында, қалалық білім беру мектептерінің директорлары, іс-жүргізуші кадр мамандары, есепшілері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысқан ауқымды семинар өткізілді. Семинарға барлығы алпысқа жуық мамандар қатынасты. Семинар модераторлары: «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрайымы Тарбия Анайбекқызы Баймбетова және құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Наталья Станиславовна Храмова болды. Семинар әлеуметтік әріптестікті жүзеге асыру шаралары аясында, білім беру ұйымдарында салалық, өңірлік келісімдер және ұжымдық шарттардың пәрменділігінің сапасын арттыру мақсатында жүргізілді. Семинар жұмысының барысында: Еңбек шартын жасасу, еңбек шартын бұзу, сауықтыруға төленетін жәрдемақы туралы өзге де мәселелер талқыланып кәсіби түрде түсініктемелер берілді. Қатысушыларға әдістемелік құралдар: жұмыс берушінің актілерінің үлгілері екі тілдегі нұсқаларда таратылды. Семинар мазмұнды әрі тартымды өтіп, көптеген қосымша да берілген сауалдарға толыққанды жауаптар беріліп, қанағаттандырылды.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің хатшысы
-
Фото
-