Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне орай облыстық семинар өтті
Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне орай, 16-17 сәуір күндері Ойыл ауданының білім беру мекемелері арасында "Ойыл ауданының білім беру мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуының құқықтық негіздері" тақырыбында облыстық семинар өтті және білім беру мекемелерінде қоғамдық бақылау жүргізілді. Семинарға "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы" қоғамдық бірлестігінің бас маманы, құқықытық инспекторы А.Алимпиев, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау маманы Н.Жетпісбай, аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Тлепов қатысты. Семинар барысында мекеме басшылары, техникалық инспекторлар және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары көптеген сауалдар қойып, нақты жауаптарға ризашылықтарын білдірді. Аудан білім мекемелерінде еңбек заңнамаларының сақталуына бақылау жасау мақсатында, "Жолшы" бөбек-жай бақшасы МКҚК, "Ойыл қазақ орта мектебі" КММ, Ш.Берсиев атындағы орта мектебінде, "Ойыл аграрлық колледжі" МКҚК-де қоғамдық бақылау жүргізілді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-