Талдықорғанда «Замануи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында үздік сабақтар фестивалі өтті
Жуырда Талдықорған қаласы №14 «Айбөбек» балабақшасы базасында «Алматы облысының білім басқармасы» ММ облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Заманауи сабақ - педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбанда үздік сабақтар фестивалін өткізді.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтарын анықтау, қолдау мақсатында өткен үздік сабақтар фестиваліне мектепке дейінгі ұйымдарының 18 педагогы қатысты.
Сабақтар оқу мақсаттарының айқындылығы, педагогтың оқу қызметінде әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануы, жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясы құндылықтарының көрініс табуы, өтпелі тақырыптың қамтылуы т.б. критерийлер бойынша бағаланды.
Облыстық кезеңге қатысушылар Ережеге сәйкес алдын-ала түсірілген 15 минуттық сабақтарының бейнежазбасынұсынып, қорғады.
Әділқазы алқасының мүшесі Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы Ләйлә Сағынғалиқызы бірінші орынды иеленген Ескелді ауданы «Айкүн» балабақшасының тәрбиешісі және осы мекемедегі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Шымшықова Мадина Сапарбекқызына облыстық ұйымның Құрмет грамотасын және бағалы сыйлығын табыстады.
Екінші орын Еңбекшіқазақ ауданы «Эмир» жекеменшік балабақшасының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Қыдырбаевқа, Панфилов ауданы «Таңшолпан» балабақшасының тәрбиешісі Б.Заитоваға, Іле ауданы «Солнышко» балабақшасының тәрбиешісі У.Картхужаковаға бұйырды.
Ал үшінші орынды Талғар ауданы №7 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Ә.Тұрарбек, Текелі қаласы №4 балабақшасы тәрбиешісі И.Азибаева, Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ ОМ мектепке дейінгі шағын орталығының тәрбиешісі Л.Бектемірова өзара бөлісті.
Алматы облыстық білім және ғылымқызметкерлері
кәсіподақ ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-