Білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитетінің кезектен тыс Пленумы өтті
2019 жылдың 16сәуірінде Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығының мәжіліс залында білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитетінің кезектен тыс Пленумы өтті.
Жиналған пленум мүшелерін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Е.Аюпов облыстық комитетке мүше болуларымен құттықтап, толағай табыстар тіледі.
Пленумда Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні қарсаңында өткізілетін іс-шараларды жоспарлап, жақсы деңгейде өткізу керектігі айтылып, жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін сақтау, өмірдегі ең қадірлі адам өміріне, денсаулығына нұқсан келтірмеу жолдары қарастырылды.
Т.М.Смолина облыстық кәсіподақ комитетінің төрағсының орынбасары болып сайланды. Сонымен қатар облыстық комитеттің атқарушы комитеті сайланды.
Пленумның соңында алдағы Президенттік сайлау,кәсіподақ қозғалысындағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары т.б. сұрақтар тілге тиек болды.
-
Фото
-