Жаңаөзен қаласы бастауыш кәсіподақтарымен өткен жиналыс
Үстіміздегі жылдың 8 сәуірі күні Жаңаөзен қаласына кәсіподақ мүшелерінің арыз-өтініштеріне орай, бастауыш кәсіподақтары мүшелерімен, әлеуметтік әріптестер: мектеп директорларымен біріккен жиналыс өткізілді.
Жиналысқа «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің» төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы және құқықтық қызмет жөніндегі бас маман Храмова Наталья Станиславовна, Жаңаөзен қалалық филиалының төрайымы Мухашева Райыс Сарсеновна қатысты. Барлығы: 98 адам қатысты.
Жиналыста қаралған мәселелер: жаңартылған білім мазмұны бойынша мұғалімдерге нақты беріп жүрген сағаттарына емес, ҚР «Білім туралы» заңындағы бекітілген оқу жүктемесі нормасымен төленуі, тарифтік кестенің бекітілу мерзімі, алты күндік апталық жұмыс жағдайындағы жұмыс уақыты, кәсіподақ жұмысының белсенділігін арттырудағы жұмыстың түрлері мен әдістері, еңбек ақыларының дұрыс төленбей жүргендігі, жазғы еңбек демалысында сауықтыруға берілетін жолдамалар, оның қанша пайызға берілетіндігі туралы болды.
Маңғыстау облыстық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы және құқықтық қызмет жөніндегі бас маман Храмова Наталья Станиславовна аталған мәселелерге тоқталып нақты, сауатты түрде түсіндіріп, тұшымды жауаптарын берді.
Жүрмелі шараның нәтижесінде, қаржылай 300000 теңге көлемінде мұғалімдерге төленуіне шешім қабылданды және сәуір, мамыр айларында еңбек ақы төлену жүйесі бойынша оқыту семинарларын өткізу жоспарланды.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің хатшысы
-
Фото
-