Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау туралы ҮНДЕУІ
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасыҚазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы активінің кезектен тысмәжілісінде талқыланды. Актив мүшелері аталған бастаманы бірауыздан қолдайтынын және бұл шешімнің өз уақытында және орынды қабылданып отырғанына сенімді екендіктерін білдірді.
Еліміздің тұрғындары үшін ең қымбат құндылық - бейбітшілік пен тыныштық, экономикалық тұрақтылық. Президенттік сайлау ел дамуына тың серпіліс, жаңа серпін беретіні сөзсіз. Президенттік сайлау - барша қазақстандықтардың азаматтық бостандығының ажырамас бөлігі, айқын дәлелі. Біз Қазақстанның азаматтар мен қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік дамуын және үйлесімді қоғамдық-саяси бағдарын жалғастыра беретіндігіне сенімдіміз. Сонымен қатар, еңбеккерлердің құқығын қорғау, лайықты еңбек үшін тиімдішарттар қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік әріптестіктің тиімді ынтымақтастығы саласына қатысты көптеген көкейкесті мәселелерді шешудің маңызы зор екенін түсінеміз. Бұл жауапты миссияны заң бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен тұрақтылық, айқындық және ашықтық жағдайында атқарған жөн. Біз еліміздегі барлық әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, жасампаз күштерді Қазақстан Республикасында барлық халықаралық нормалар мен стандарттарға сай әділ де ашық сайлау өткізуге қолдау көрсетуге шақырамыз!
-
Фото
-